Табысқа бөлеген шығармашыл еңбек

Ұстаз – әр оқушының шамшырағы, білім нәрін сеуіп, саналы азамат ретінде қалыптастыратын маман иесі. Шынайы ұстаз әр шәкірттің жетістікке жетуі үшін аянбай тер де төгеді. Баланың бағы жанса, балаша қуанатын да осынау  ардақты жан. Талапшыл болуға талпындыратын ұстаздар бұл жолы өздері бақ сынасты.

Жалпы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   өз Жолдауында білім саласына айырықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы орайда, өңір педагогтары да биік белестерді бағындырып жүр. Мәселен, Республикалық «Жылдың жүз үздік директоры» байқауында «Балалар шығармашылық үйінің» директоры А.Б.Жаркенова топ жарса, оқу ісінің меңгерушісі Б.Б.Жанибекова Республикалық «Жылдың жүз үздік директор орынбасары» байқауынан алдан көрінді. Марапаттау рәсімі Нұр – Сұлтан қаласында өтіп,  Республикалық байқауға әр қала, облыс, аудандардан 40 директор, 70 – директор орынбасарлары  марапатталды. Біздің «Балалар шығармашылық үйінің» директоры А.Жаркеноваға «Жылдың жүз үздік директоры», Б.Жани-бековаға  «Жылдың жүз үздік директоры орынбасары» төсбелгісі  және  І дәре-желі республикалық дипломдары салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар республикалық материалдар жинағына енгізілді.

Қазіргі таңда  Балалар шығармашылық үйінде 1227-ге жуық оқушы оқиды. Оларға білім нәрін ұялататын 18-дан астам оқытушы қызмет артқарады. Биылғы жылдың өзінде  шәкірттеріміз сан түрлі дәрежелік  байқауларға қатысып, Халықаралық – 28, Республикалық – 218, облыстық – 11, аудандық – 4, жалпы саны – 261- ді құрайтын жетістіктерге жетті. Осының өзі  аудандық білім бөлімінің нұсқаулығымен, «Балалар шығармашылық үйі» ұжымының ауызбіршілігі мен білім сапасының жыл санап артып жатқандығынын анық көрінісі. «Балалар шығармашық үйінің» ұжымын атаулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктер жеңістерге ұласа бергей!

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: