
Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық.
Еліміздегі талантты жастарды қолдау мақсатында Мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 жылдың 24 наурызында жаңа ұйым – республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ашылды. Қазақ халқында «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оған елімізді қуанышқа бөлеп жүрген көптеген дүниежүзілік олимпиадалар жеңімпаздарын мақтанышпен айтуға болады. Мысалы, Сингапур, Қытай, Малайзия, т.б. елдер өз жастарын АҚШ пен Ұлыбританияның ең озық университеттерінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерін аса жоғары қарқынмен дамытуға қол жеткізеді.
Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе.
К. ҚАЛИЕВА,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, ана-медиатор.
