2022 жылғы 27 мамырда Талдықорған қаласында референдум өткізудің өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сүлеймен Лаззат Жаңылысқызы және қоғам қайраткері Тарасенко Елена Ивановнамен кездесу (жиналыс) өтті.
Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылыры мен ардагерлер, аналар, іскер әйелдер кеңестерінің, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Жаңылысқызы Сүлеймен Конституцияға енгізілетін жаңа түзетулерге түсініктеме берді.
«Бұл оқиға әрбір азамат үшін өте маңызды, өйткені референдум 27 жыл ішінде алғаш рет өткізіліп отыр және реформа біздің өміріміздің барлық салаларын қамтып, жаңа Қазақстанның демократиялық және әлеуметтік бағдарланған, әділ азаматтық қоғамын құруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сенат депутаты.
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Николаевна Тарасенко өз сөзінде еліміздің барлық жауапты азаматтары мен патриоттарын референдумға қатысуға шақырды.
Әрі қарай сөз сөйлегендер:
— Бақыт Кенесарықызы Чингаева — Жетісу университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Алматы облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының сарапшысы;
— Тұрұсбеков Болат Каметұлы – талдықорған қалалық референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшесі;
— Сайдилдина Забира Дайранқызы — облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары.
Барлық сөз сөйлеушілер жаңа саяси реформалар өте уақтылы қабылданғандығын және қажет екендігін атап өтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстандағы демократиялық процестерге қолдау білдірді.