Талдықорған қаласындағы пошталық қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау аяқталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жылдан 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Талдықорған қаласының географиялық шекараларында пошта байланысы бандерольдер мен сәлемдемелер қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады.

Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалануды қоса алғанда, монополияға қарсы заңнаманы ықтимал бұзу белгілерін анықтау.
          Талдау қорытындысына сәйкес, Талдықорған қаласының географиялық шекараларында пошта байланысы бандерольдер мен сәлемдемелер қызметтерін көрсету нарығы жоғары шоғырланған (І тип) болып табылады. Аталған нарықтағы бәсекелестік деңгейі төмен (дамымаған) деп бағаланады.

Мәліметпен бөлісу: