Талдықорғанда қоғамдық саяси жағдай тұрақты

Бүгінде Алматы облысының орталығындағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты.Халықтың қалыпты өмір сүру салтына оралуына бар жағдай жасалуда. Оған дәлел, коммуналдық қызмет түрлері, яғни сумен, энергиямен, жылумен жабдықтау штаттық режимде жұмыс жасауда. Отыннан да тапшылық жоқ. Бүгінде қалада 4,5 тонна көмір қоры бар. Ал, білім саласына келер болсақ, ұстаздар қауымы онлайн түрде жұмыстарын атқаруда. Ел аумағында ТЖ режимі енгізілгендіктен қысқы демалыс 17 қаңтарға дейін ұзартылуына байланысты, өңірдегі мектеп оқушылары демалыста. Осы ретте, мектепке дейінгі білім мекемелерінің уақытша жұмысын тоқтатқандығы туралы айта кеткен жөн.
Халықты қажетті тамақ өнімдерімен, дәрілік заттармен қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылған. Қазіргі таңда, аймақтағы барлық дәріханалар жұмыс істеп тұр. Дәрі-дәрімектің қоры толық көлемде жеткілікті.
Азық-түлік қорыда аз емес. Өңірдегі жалпы саны 6 наубайхана ас атасымен барлық дүкендерді қамтып отыр.

Облыс орталығындағы Сүт өнімдері мен жұмыртқа өндірушілер. Қалада 2 сүт өндіруші кәсіпорындар да жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ, азық-түлік тауарларын саудалаушы Магнум, Тоймарт, Смолл, Магнит, Көк базар. Даулет, Шамкен сауда орындары, Марқа базары, АКЛ базары, Шевченко көшесіндегі жеміс-жидек сату орындары ашылып, жұмыстарын атқаруда. 500-ге жуық шағын дүкендер жұмыстарын жандандырған.
Құрманов көшесіндегі құрылыс заттарын саудалайтын 9 нысан мен автобөлшектер сататын Универсам сауда орындары, Шаған, Евразия, Болашақ, Әлдибек, Цум, Айзере сауда үйлері де жұмыс жасап тұр.
Қалада барлығы 25 жанармай құю бекеті бар. Оның ішінде: 17 жанармай құю бекеті істеп тұр (Қазақ Ойл – 5, Роял Петрол – 6, V-Ойл – 1, Гелиос – 1, Синойл – 4) 8 жанармай құю бекеті 12 қаңтардан бастап істейді.

Естеріңізге саламыз,қала аумағына жалпы 24 әскери бекет орналастырылған.
Оның ішінде 4 бекет қала аумағынан шыға беріс автожолдарда, қалған 20 бекет қала аумағында орналастырылды. Бекетерде қызметкерлер 3 уақыт тамақпен, жылумен (көмірмен) толық қамтамасыз етілген.

Мәліметпен бөлісу: