
Жуырда «Адал қызмет – заңға құрмет» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында адалдық пен заңдылық қағидаттарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамда жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға адал еңбектің маңызы мен заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.
Танымдық форматта өткен шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адал қызмет ету мәдениетін насихаттауға бағытталды.
