
Сарқан қаласында сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Танысыңды алып кел» челленджі ұйымдастырылды. Шараға 30 адам қатысып, Сарқан қаласындағы №347, №348, №349 және №350 сайлау учаскелерінде дауыс берді.
Челлендждің негізгі мақсаты — жастар мен тұрғындарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және сайлау мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар өз достарын бірге ертіп, сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық құқықтарын пайдаланды.
Шара барысында қатысушылар ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетті. Достарымен бірге дауыс беруге келген азаматтар өз таңдауын жасап қана қоймай, айналасындағы адамдарды да қоғамдық маңызды шараға белсенді қатысуға үндеді.
Аталған сайлау учаскелерінде өткен челлендж жастардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Бірге келген достардың белсенділігі сайлау күнінің ерекше атмосферасын қалыптастырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
