Тарифтер төмендеді

«Жетісу Энерготрейд» ЖШС Алматы облысы Талдықорған өңірінің электр қуатын тұтынушыларына Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2018 жылғы 14-желтоқсандағы №154 «Электр энергиясына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына, электр энергиясын беруші ұйымдардың электр энергиясын беру тарифтерінің төмендеуіне, сонымен қатар 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында электр қуатының әзірлігін қолдауға қатысты қызмет көрсету нарығының жаңа моделін енгізуге байланысты электр қуатының шекті бағасы 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2018 жылдың 1-қаңтарымен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) үшін 11,3% -ға немесе 1,77 теңгеге төмендейтінін хабарлады. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1 кВт сағаттың шекті бағасы (ққс-ын) қоса есептегенде тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) үшін 14,68 теңге, заңды тұлғалар үшін 22,57 теңге құрайды. Тарифтер жөнінде толық ақпарат www.tkjet.kz сайтына жүктелген.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: