Тарихи ескерткіштер – тәрбие құралы

Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер — ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра.Осындай өзіміздің мекеніміздегі асыл мұраларымызды  дәріптеу мақсатында  Мұқан Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері 18 сәуір күні Ушинский атындағы орта мектебінің оқушыларымен Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау күніне орай «Тарихи ескерткіштер – тәрбие құралы» атты тақырыпта танымдық шара өткізді. Шараның мақсаты  оқушыларға ескерткіштер тарихын сипаттап, олардың халық тарихының бір бөлшегі екенін айтып, төл тарихымызды құрметтеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.  Шара барысында оқушыларға Сарқан ауданында орналасқан ескерткіштердің тарихы туралы айтылып насихатталды. Осындай керемет асыл мұраларымыздың бірі Алдияр Елкеұлына арналып халықтың қолдауымен бой көтерген ескерткіш туралы да айтылып өтті. Сонымен қатар Лепсі ауылындағы Қанай Төлебай батырдың, композитор Мұқан Төлебаевтың және де тағы басқа ескерткіштер туралы шара барысында сыр шертілді.

Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.Сондықтан да ескерткіштерді мәдени мұра ретінде сақтау біздің борышымыз болып табылады.

Ә.Жұмабек,

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінің    экскурсия жүргізушісі.

Мәліметпен бөлісу: