ТАРИХИ ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ

Еліміздің рухани жаңару кезінде ата-бабаларымыздың кім болғанын, кең жазира байтақ өлкені қалай қорғағанын, бүгінгі тәуелсіздігімізді аңсап, ел бірлігін сақтағандығын жас ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру, жастарды Отанды, елді сүюге, қасиетті өлке тарихымен таныстыру. Тарихи мұраларды өткеннің шежіресі деп құрметтеуге, келешекті бағдарлайтын, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу мақсатында, Сарқан гуманитарлық колледж кітапханасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар Жырау Қалқаманұлы туғанына 350 жыл толуына орай «Тарихи тұлға тағлымы» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер жыраудың өмірбаяны, шығармаларымен таныстырылды, жыраудың жырларынан үзінділер оқылды.

 

Ж.АУБАКЕНОВА,

Сарқан гуманитарлық колледжінің кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: