Татулық – тыныштықтың кепілі

Ел тәуелсіздігінің баянды болуы – ел ішінің тыныштығы мен тұрақтылығына байланысты. Жүзден аса ұлт пен ұлыс өмір сүріп отырған Қазақстанда бейбітшіліктің сақталуы үшін бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің өзара татулығы, ынтымағы аса маңызды. Біз көп ұлтты мемлекетпіз. Сонау бір жылдары тағдыр тәлкегімен жылы ұясын тастап, атамекендерінен үдере көшіп, пана іздеп келген жандарды құшақ жайып қарсы алдық, төрімізден жай ұсындық, қоныс бердік, қоңсы қондырдық. Олар діні мен тіліне, нәсіліне қарамай, ата-бабадан аманатқа қалған ұлан-ғайыр даламызға да, көлдей көңілімізге де сыйды, сіңді. Олардың әрқайсысын өз бауырымыздай көріп, қолымыздағы барымызбен бөлістік. Олар да халқымыздың қонақжай көңіліне, қылаусыз пейіліне қарыздар екенін біледі.

Біздің өңірде де ғасырға жуық уақыт бойы жергілікті халықпен етене араласып кеткен өзге ұлттың өкілдері тұрады. Тілімізге, салт-дәстүрімізге деген құрметі бөлек. Бір қазаннан ас ішкен олар татулықты тұмарындай сақтайды. Берекенің бастауы бірлік екенін біледі, бірлік, татулық бар жерге ырыс айналатынын ұғынады. Сондықтан да олардың тілегі – тыныштық, ниеті – татулық.

Мәліметпен бөлісу: