«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар Қарабөгет, Алмалы ауылдық округтерінде де жалғасуда

Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар Қарабөгет, Алмалы ауылдық округтерінде де жалғасуда.


Бағдарлама аясында ауылдық округтер аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында ауылдың көшелері, қоғамдық орындары, аулалар, елді мекенге кіреберіс аумақтар және тазалықты қажет ететін басқа да орындар назарға алынды.


Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағында тазалықты қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтардың белгіленбеген орындарға тасталуының алдын алу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, тұрғындардың санитарлық тазалық талаптарын сақтауына назар аударылып, ауылдың көркі мен тазалығын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мәліметпен бөлісу: