«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен облыстық сенбілікке өңірдің 33 мыңға жуық тұрғыны қатысып, елді мекендердің аумағын абаттандыру және тазалау жұмыстарын бірлесе атқарды.

✔️ Экологиялық іс-шараға мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, жастар, волонтерлер, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының тұрғындары қатысты.

➢ Облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен сенбілік барысында Қаратал өзенінің жағалауы тазартылды.

➤ Жалпы экологиялық акция аясында қоғамдық аумақтарды, көшелерді, аулаларды, саябақтар мен скверлерді және басқа да учаскелерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оған 287 арнайы техника жұмылдырылды.

⪼ Облыстық сенбілікте 2 935 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

⫸ Атап өтсек, 2026 жылдың басынан бері өңірде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында 180 іс-шара өткізіліп, оған 133 мыңнан астам адам қатысты. Осы уақыт аралығында 58 мың көшет отырғызылып, 12 мың тонна қоқыс шығарылды.

Мәліметпен бөлісу: