Тазалықты алдымен өзімізден бастауымыз керек

Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айынан бастап бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» тұрақты экологиялық акциясы өткізіліп келеді.
Ол тек сенбіліктерді ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыстарға бағытталған.
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 27 ақпандағы «Облыстың елді мекендерін көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» №54 қаулысына сәйкес, Сарқан ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурызда «Ауданның елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» №60 қаулысы бекітілді.
Сарқан ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 19 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында «Жаңару күні», 21 наурыз «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ», «Таза су айдындары», 23 наурыз «Тазару күні» экологиялық акциялары, 28 наурыз туристік аймақтарды тазарту мақсатындағы сенбілік, 4 сәуір жалпыоблыстық сенбілік, 11 сәуір «Таза қала», 18 сәуір «Таза аула», 25 сәуір «Жасыл желек» экологиялық акциялары, 6 мамыр жалпыаудандық сенбілік, 6 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. 2 сәуір, 9 сәуір, 16 сәуір, 30 сәуір, 14 мамыр, 21 мамыр, 28 мамыр күндері «Таза бейсенбі» экологиялық акциялары өткізілді. Сонымен қатар, «7 OZEN» экологиялық акциясы аясында Басқан және Лепсі өзендерінің жағалауларына тазалық жұмыстары жүргізілді.
05.08.2026 жылы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш көлінің жағалауында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке 60-тан астам адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылды.
19.08.2026 жылы “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Балқаш көлінің жағалауында «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Сенбілікке 70-тен астам адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылды.
2026 жылғы 12 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке 300-ға жуық адам қатысып, 30 арнайы техника жұмылдырылды, 300 тонна қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы шеңберінде, бекітілген жоспарға сәйкес ағаш отырғызу көлемі округтер бойынша бөлініп, көктемгі және күзгі кезеңдерге жоспарланды.
Сарқан ауданы бойынша 2026 жылға барлығы 12 800 дана ағаш отырғызу жоспарланған (11 300 жапырақты және 1 500 қылқан жапырақты ағаш түрлері). Оның ішінде көктемгі кезеңге 6 650 дана (5800 жапырақты, 850 қылқанжапырақты ағаш түрлері), күзгі кезеңге 6 150 дана (5500 жапырақты, 650 қылқанжапырақты ағаш түрлері).
Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сөз сөйлеп, «Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуымыз керек. Тағы да атап өтейін: бұл – мемлекетіміздің Конституциясында айқындалған аса маңызды міндет. «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі. Бұл – жай ғана ұран емес, бұл – шын мәнінде, еліміздің тазалығы өркениетті болашаққа апаратын даңғыл жол деген сөз. Өркениеттілік, жасампаздық пен ілгерілеу ұғымдарының ластыққа, селқостыққа ешқандай қатысы жоқ. Бұл – өмірдің ақиқаты. Түптеп келгенде, бұл жұмыстың бәрі де өскелең ұрпақтың қамы үшін жасалып жатыр.
Еліміздің әрбір азаматы бүгін де, ертең де «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек. Алайда осындай керемет өмір өзінен өзі аспаннан түспейді, бұл да – ең алдымен, әрбір азаматтың саналы көзқарасы, болмысы. Солай болса ғана, халқымыз бен жалпы еліміздің халықаралық беделі жоғары болады, инвестициялық тартымдылығы күшейе береді.
Мен өз сөздерімде әрдайым айтып жүрмін: біз тазалық ұғымына кең ауқымда қарауымыз керек. Ойы, ниеті таза адамның әрбір әрекеті түзу болады. Тазалықты ең алдымен өзімізден бастау маңызды» деген болатын. Сондықтан әрбір адам тазалықты өзінен бастау керек.

Мәліметпен бөлісу: