Технологиялардың жедел дамуына мүмкіндік береді


Жуырда аудандық халықтық штабы Аманбөктер ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аталған штаб мүшелері елімізде АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң әсер етеді. Сондай-ақ ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Жиылыстың соңында ауыл тұрғындары көтеріліп отырған тақырыпқа орай өз оралымды ойларын білдіріп, ағымдағы жылдың 6 қазаны күні өтетін республикалық референдумға барып, толығымен қатысатындықтарын жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: