
Текелі қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының аумағында көгалдандыру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының ауласын көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сәндік гүлдер – нәркес, астра және лалагүл отырғызылды. Сонымен қатар, мекеме ауласының сыртына 20-дан астам терек көшеттері егілді.
Бұл игі бастама жас ұрпаққа табиғатқа деген сүйіспеншілікті дарыту, сондай-ақ әскери бөлім аумағын көріктендіру және жайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті