Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 19-шілдеде аудандық мәдениет үйінде ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту мақсатында «Текті сөздің төресі-терме» атты аудандық байқауы өткізілді. Аталған байқауға барлығы 9 адам қатысып, бақ сынасты. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Абай ауылынан келген Смағұл Мейірім жеңіп алса, І орынды аудандық мәдениет үйінің қызметкері Сейденов Әлішер, ІІ орынды Қойлық ауылынан келген Қадырқан Гүлизат, ІІІ орынды Черкасск ауылдық округінен келген Мәре Сұлтан иеленді.
7
Екіаша ауылынан Әтекеева Сағадат, Қарашыған ауылынан Бимолданова Әйкен және Бақалы ауылынан келген Смағұл Марат ынталандыру сыйлығына ие болды.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.