
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды Еуразиядағы маңызды көлік торабына айналдыру міндетін қойған болатын. Бұл мақсатқа жету үшін теміржол инфрақұрылымын жетілдіру және отандық машина жасау салаларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Теміржол машиналарын жасау саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпарынша, алдағы 2 жылда 12 инвестициялық жоба жүзеге асады. Сондықтан мамандарға сұраныс бар. Қазір салаға 39 жоғары оқу орны кадр даярлайды. Сондай-ақ, теміржол саласында серпіліс байқалады. Өткен жылы өндіріс ұлғайып, 124 локомотив, 2 мың 565 жүк және 122 жолаушы вагоны шығарылды. Бұл құрамды жаңартып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. Осы жылы 226 вагон берілмек. Ал 2028 жылға қарай Қазақстанда жаңа буындағы жүк электровоздары пайда болады. Оларды өндіру 40%-ға арзан және қолданыстағы вагондарға қарағанда әлдеқайда тиімді.
Осылайша Қазақстанда 2025-2026 жылдары теміржол машина жасау секторында 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
П. Жеңісхан, Сарқан газетінің бас редакторы
