Тергеу қызметіне – 55 жыл

1963 жылдың 6 сәуір күні Кеңес Одағының жарлығымен 6 сәуір «Тергеушілер күні» болып жарияланды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін   Қазақстан Ішкі істер органдарының тарихы – ел тарихының ажырамас бір бөлігі. Құқық қорғау органдары еліміздің ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен бастап, тәуелсіз туын көтерген бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндеттерді атқарып келеді.

Тәуелсіз мемлекет құру жағдайында Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне азаматтардың құқығы мен бостандығын заңсыз қол сұғудан қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күресу жөнінде жауапты міндеттер жүктелген.Тергеушілер мемлекетімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіндегі барлық жауапкершілікті түсініп, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізіп, қиын қызметін абыроймен атқаруда. Тергеуші болып қызмет ету – Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы қызметтік міндеттері мен кәсіби парызын орындаумен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Тергеушілер алғашқы болып қоғамға қарсы және адамгершіліктен жұрдай қозғалыстарға баға береді және мемлекет атынан заң талаптарын орындай отырып, қоғамдық құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Осы орайда, азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқығын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, өздерінің адал еңбегімен, үлкен жетістіктерге қол жеткізген тергеу жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері:  АІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Елтай Сәбитұлы Самбеталинов ІІО-дағы барлық жылдарын осы тергеуге берген жан. Өзінің қарамағындағы қызметкерлерімен бірге тергеу жұмыстарын бірге жасап, адамдармен қарым-қатынаста сыпайы, жеке құрам арасында беделді жетекшілік  лауазымдарда жұмыс істей отырып жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөліп келеді. Қызметіне жанашырлықпен қарауының арқасында Сарқан АІІБ –нің тергеу жөніндегі бөлімшесі ОІІД-нің 2018 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша 1-ші орынға шықты. Сол сияқты  тергеушілеріміз: А.Қ.Сыдықов, С.Құрманғалиева, А.Сабитжан, Ғ.Қамалбеков, анықтау тобының аға анықтаушысы Ж.Шураевты мақтан етеміз. Қазіргі кезде АІІБ тергеу тізгінін ұстап басқарып отырған полиция подполковнигі Елтай Сәбитұлы Самбеталинов өзінің ішкі істер органдарындағы қызметін осы Сарқан АІІБ-нің тергеушісі қызметінен бастап, алға қойған мақсатына қалайда жету және өзінің еңбекқорлығының арқасында қазір білікті басшы атанып отыр.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен — «Тергеушілер күнімен»   Сарқан АІІБ-нің жеке құ-рамының атынан құттықтаймыз! Тәуелсіз, егеменді  еліміздің  тұғыры  асқақтап,  жарқын  белестерден  көріне берсін. Бәріміздің  ортақ  қарсыласымыз  — қылмысқа  қарсы күресте  шыдамдылық, батылдылық және  жігерлік, ал жеке өмірлеріңізде  баршаңызға  отбасыларыңызға  бақыт,  мықты  денсаулық,  шаңырақтарыңызға  шаттық  тілейміз.

 

Қ.Сағымбаев,

Сарқан АІІБ-нің КЖТ инспекторы,

полиция капитаны.

Мәліметпен бөлісу: