Сейсенбі күні аудан әкімі Талғат Қайнарбековтың жеке қабылдауына Сарқан қаласы, Черкасск және Екіаша ауылдарының тұрғындары келіп, бірқатар мәселелерді ортаға салды. Қойылған сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй, жер телімдерін алуға, үй құжаттарын заңдастыруға аудан басшысының ықпал тигізуін өтінді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жайылымның тарлығы да алаңдатады. Қабылдауға жазылғандар тарапынан бұдан басқа да түрлі сипаттағы сауалдар қойылды.
Талғат Қанатұлы қабылдауға келген әрбір тұрғынның өтінішін байыпты тыңдап, туындаған мәселелерді заң аясында түсіндіріп, тұрғындардың арыз-өтініштерін тиісті мекеме-басшыларының назарына ұсынып, тиімді шешім қарастыруды тапсырды. Осылайша өзекті мәселелер қатаң бақылауға алынатын болды.
Өз тілшіміз.