Тірек пункті – тыныштық кепілі

Өткен сенбі күні Алмалы ауылдық округінде полиция тірек пункті ашылды. Шараға ауыл тұрғындары, құқық қорғау саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатта сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов жаңа ғимараттың ел игілігіне қызмет етеріне сенім білдірсе, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция бөлімі басшысының орынбасары Дәулет Молдаханов облыс көлемінде мұндай тірек пункттерінің көптеп ашылып жатқандығын айтып өтті. Бұдан соң салтанатты ғимарат сапалы қызмет еткей деген тілекпен тірек пунктінің алқызыл лентасы қиылып жиналғандар ішке аяқ басып, аралап көрді. Сондай-ақ аталмыш күні Бақалы және Қойлық ауылдық округтерінде де полиция тірек пунктері ашылып қатарға қосылды. Жалпы өңірімізде осы қатарлы 6 полиция тірек пунктерін қатарға қосу жоспарланған.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: