
8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне қатысты түйткілдерді атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының айтуынша, елде зейнетақы жинақтарының көлемі әлі де төмен. Бұл мәселе әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында айқын байқалады.
Президент Үкіметке Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды.
– Зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді теңгерімін қамтамасыз етіп, қазақстандықтарға лайықты зейнетақы деңгейін беру маңызды, – деді Тоқаев.