«TopIQ – білімге бастар цифрлық жол»

Менің атым – Нұрсұлтан Дариға Олжасқызы. Мен 11 жастамын. Қазіргі таңда білім мен технология қатар дамып келеді. Соның арқасында біз тек оқулықпен ғана емес, заманауи білім беру платформалары арқылы да білімімізді жетілдіре аламыз. Солардың ішінде мен үшін ерекше орын алатын платформа – TopIQ.

 TopIQ – жай ғана электронды оқулық емес, ол – білімге қызығушылығымды арттырған сенімді көмекшім. Мұнда әр тақырып түсінікті тілде түсіндіріліп, түрлі суреттермен, бейнематериалдармен және қызықты тапсырмалармен толықтырылған. Осындай сабақтар маған жаңа ақпаратты тез қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі.

 Бұл платформаның ең ұнайтын тұсы – өз білімімді бірден тексеруге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау барысында қателессем, оны түзетіп, қайтадан орындауға болады. Бұл мені жауапкершілікке, ұқыптылыққа және өз бетімше ізденуге үйретеді.

   TopIQ арқылы сабаққа дайындалу бұрынғыдан да қызықты болды. Мен кез келген уақытта телефоннан немесе компьютерден қажетті тақырыпты қайталап, білімімді толықтыра аламын. Бұл уақытты тиімді пайдалануға және оқу үлгерімімді жақсартуға үлкен көмегін тигізді.

  Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Сондықтан осындай заманауи білім беру платформалары бізге үлкен мүмкіндік береді. Мен TopIQ платформасы арқылы алған білімімнің болашақта армандарыма жетуге көмектесетініне сенемін.

   Білім – болашақтың кілті, ал TopIQ – сол білімге бастар жарқын жол!

Жетісу облысы Сарқан ауданы «Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

5- сынып оқушысы Нұрсұлтан Дариға Олжасқызы

Мәліметпен бөлісу: