TopIQ платформасы – оқушының өздігінен білім алу құралы

Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Оқушыларға білімді тек мектеп қабырғасында ғана емес, кез келген уақытта және кез келген жерде меңгеруге мүмкіндік беретін платформалар көбейіп келеді. Солардың бірі – TopIQ платформасы. Бұл платформа маған өз бетімше білім алуға, сабаққа тыңғылықты дайындалуға және жаңа тақырыптарды оңай меңгеруге үлкен көмек көрсетіп жүр.

TopIQ платформасымен алғаш рет мектептегі сабақ барысында таныстым. Алғашқы күннен-ақ оның қарапайым әрі түсінікті интерфейсі ұнады. Қажетті пәнді таңдап, керекті тақырыпты жылдам табуға болады. Әр сабақта мәтінменқатар түрлі суреттер, сызбалар, бейнематериалдар және интерактивті тапсырмалар берілген. Осындай мүмкіндіктер оқу материалын жақсы түсінуге көмектеседі.

Мен көбіне жаңа тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын орындау және тест тапсырмалары арқылы білімімді тексеру үшін TopIQ платформасын қолданамын. Егер сабақта түсінбей қалған жерім болса, платформадағы материалды қайта оқып, бейнесабақты қарап шығамын. Бұл өз қателігімді түсінуге және білімімді толықтыруға мүмкіндік береді. Әсіресе тест тапсырмаларының нәтижесін бірден көру өте ыңғайлы. Сол арқылы қай тақырыпқа көбірек көңіл бөлу керектігінанықтаймын.

TopIQ-дің ең үлкен артықшылығы – оқушының өздігінен білім алуына жағдай жасауы. Сабақтан тыс уақытта да қажетті тақырыптарды қайталап, қосымша тапсырмалар орындауға болады. Бұл уақытты тиімді пайдалануға, жауапкершілікті арттыруға және өз бетіңмен ізденуге үйретеді. Бүгінгі күні өздігінен білім алу – әрбір оқушы үшін маңызды дағды. Ал TopIQ осы дағдыны қалыптастыруға көмектесетін тиімді құралдардың бірі деп ойлаймын.

Электронды оқулықтардың дәстүрлі кітаптардан артықшылықтары да көп. Оларәрдайым қолжетімді, мазмұны көрнекі әрі қызықты. Бейне, анимация және интерактивті тапсырмалар тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыр кітаптарды алып жүрудің қажеті жоқ, қажетті ақпаратты бірнеше минут ішінде табуға болады.

Менің ойымша, TopIQ – қазіргі оқушылар үшін білім алудың жаңа мүмкіндігін ашқан заманауи платформа. Ол тек жақсы оқуға ғана емес, өз бетіңмен ізденуге, уақытты тиімді жоспарлауға және цифрлық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді. Болашақта осындай білім беру платформаларының мүмкіндіктері одан әрі дамып, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен үлес қосады деп сенемін.

Білім – болашаққа бастар жол. Ал сол жолда TopIQ мен үшін сенімді көмекші әрі білімге жетелейтін тиімді құралға айналды.

Сатыбалдықызы Медина  8 «А» сынып оқушысы

Мәліметпен бөлісу: