«Туған жер» — Отансүйгіштік өзегі

Қазақстаның тұңғыш президенті — Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Мақаланың басты бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Иә, туған жерге деген сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өзінің туған жерінің перзенті, сол даланың, сол жердің, сол мекеннің бір бөлшегі.

Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қанға дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал осы бағдарламаның мәні неде? 

Елбасы бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді.  «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек». 

 «Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс».  «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.  Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек». 

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жеткізу үшін еңбек ету – басты парыз.

Н. ИМАНАЛИНА,

Мәліметпен бөлісу: