Туған жер – тұнған шежіре

“Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқы на суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс”,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.

 Аудандық Ішкі саясат бөлімі мен «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» кмм-нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» бірлесе отырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер – тұнған шежіре» тақырыбында өз өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу мақсатында, танымдық кеш өткізілді. Оған ауданымыздың ардагер ұстаздары Ұлжан Смаханова мен Болатхан Есіркегенұлы және ауданның құрметті  ардагерлері, белсенді жастары, аудандық ішкі саясат бөлімінің және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Танымдық кеш өлкеміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуді және тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырып, танымдық көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтты.

Ұлжан Өзбеханқызы мен Болатхан Есіркегенұлы өз сөздерінде өлкемізден шыққан батырлар, ақындар мен ауданға еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін атай отырып, тарихымызға тоқталды. Одан кейін ауданның көркін келтіріп, ажарын аша түскен керемет мәдени орындар «Қойлық қалашығының» қалыптасу  тарихы, «Мұқан Төлебаев» еңбектері және әулие Көтен тәуіп туралы тың мәліметтермен бөлісті. Танымды кешті қорытындылай келе аудандық мәдениет үйінің қызметкері Әділет Әбжаппаров «Туған жерім» атты өлең жолдарын арнады,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Каипов  танымдық кешті қорытындылап, ардагер ұстаздарымызға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Қанатұлының алғыс хаттарын табыс етті. Осылайша, аға буын мен өскелең ұрпақтың арасында рухани сабақтастық орнап, мәнді де мағыналы саяхат болғаны көңілге қуаныш ұялатты. Жастар шара барысында ерекше әсерге бөленгенін, өлке тарихына қызығушылығы оянғанын айтып жатты.

А.Ержан,

«Сарқан ауданының жастар ресурстық

 орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: