Туған жерін іздемегендер іздеусіз қалады

Туған жер дегенде ойымызға қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жарасқан Әбдірашевтың жадымызда жатталып қалған төмендегі жыр жолдары оралады:-Жасқа жеттің алды-артыңды бағамдар,

Іні болсаң, бағалайтын ағаң бар.

Мәңгі-бақи қалар ұмыт іздеусіз,

Туған жерін іздемеген адамдар.

Расында да перзент үшін мәңгі бәсі биік кіндік қаны тамған, балалығының бал дәурені өткен, жастығының жарқылы қалған туған жерін іздемегендер бақытсыз шығар. Себебі атам қазақ «Бармасаң, келмесең — жат боласың» деп бекерге айтпаған. Туған топырағынан ажырағандарды «ол бір шіріген жұмыртқа ғой» деп туған ауылы да ұмыт қалдырады.

Туған жердің қадірін кейінгі қалам ұстағандар ұстаз тұтатын талантты ақын Әділбек Абайділдановтан асырып кім айта алды екен!

Қашанда ұсынды елім қаймағын кіл,

Қарашы, қойным – бақыт, аймағым гүл.

Жаңа ұшып Бақалыдан келді ме екен,

Төбемде қызғыш неге айналып жүр.

Қайран шешем, жөргекте құндақтаған,

Сүюші ең қол-басымнан күн қақтаған.

Кім білсін топырақ болған сен үшін бе

Күніне туған жерді мың жоқтағам…

Табаны туған жердің торқа топырағына әлде бір жағдайлар бөгеп, тимей кетсе:

Қара орман алтын бесігім,

Жол түсер қилы кейде ерге.

Қалғандай болсам кешігіп,

Ұмытқан екен дей көрме, -деп   еміренген тағдырлы ақынды туған жері түбінде биікке көтерері сөзсіз.

Біз білгенімізді, көргенімізді айтамыз. Бұл тұрғыдан келгенде Бақалының бағы бар. Бақалыдан қанат қаққан түлектердің жүректері қашан да туған жер деп соғады. Туған жерінің тамырына қан жүгіртуді алдарына мақсат етіп қойған азаматтар ауыл шаруашылығын өркендетіп, ел-жұртының еңсесін тіктеп, елді мекенді абаттандыруға өзіндік үлестерін қосуда. Ауылдық округтің әкімі Арын Күрішбаевтың ұйымдастыруымен бақалылықтар үлкен істі үндемей атқарады. Жылдар бойы назардан тыс қалған мәдениет саласына мемлекет тарапынан назар аударылғанын қалт жібермеген зиялы қауым ауылдағы нарықтық қатынастың салмағына қайысып, қабырғасы ғана қалған Мәдениет үйінің жастарға да, жасамыстарға да қажеттігін ескерді де ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамаларын жасауға ұйытқы болды. Осы мақсатқа көпшілік жұмыла кірісіп, қолда барын ортақ қорға қосып, қомақты қаржы жинақтады. Тиісті құжат дайындалды. Енді сол құжатқа сай құрылысты жүргізуге бюджеттен қаржы бөлдіру жылдарға созылды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов шаршап-шалдықпастан тиісті орындарға ресми түрде қатынас хат жазып, бет-беделі бар ағаларын елшілікке сала жүріп, тиісті қаржы бөлінуіне игі ықпалын тигізді. Биыл, міне ауылдастар қуанышты сәтті асыға күтуде. Алты ай жаз қарбалас жұмыс өріс алып, мәдениет үйі көптің тілеуімен күздің соңғы айларында пайдалануға берілмекші.

Ауылдық  округте рухани тазару жолын таңдаған намазхандар үшін екі мешіт салынған. Алланың жердегі үйлері де осы ауыл перзенттерінің демеушілігімен көпке салмақ салмай бой көтеріп, жұртшылықтың жан-дүниесіне ізгі нұр құйып келеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жерге деген сүйіспеншіліктің туған ел — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласатындығы айқын атап көрсетілген. «…Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуы тиіс. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»,-дейді Елбасы осы еңбегінде.

Осыған орай ауданымызда «Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз» деген ұстанымға сай іргелі істерімен ел назарында жүрген жерлестеріміздің сапы нығая түсуде. Бұған мысал ретінде Бақалы ауылындағы Кәкімжан Қазыбаев атындағы орта мектептің түлегі, ұзақ жыл Кербұлақ ауданында мемлекеттік қызмет атқарып келе жатқан Бауыржан Қатшыбековтың туған жерін түлетуге деген құлшынысын атап өтуіміз керек. Мектептен түлеп ұшқанына 40 жыл болған Бауыржан Нұрахымұлы мектеп ауласына 40 түп шырша отырғызды. Жас көшеттердің мәңгі көктеп өсуі үшін оқушылар ыждаһаттылықпен күтім жасауда.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған обелиск, полицияның тірек пункті, спорт залы да бақалылықтардың өз бастамаларымен көп болып ұжымдаса отырып ел игілігіне ұсынылған нысандар.

Жоғарыдағы кіріспе сөзімізге арқау болған Әділбек Абайділдановты туған топырақ сөз құдіретін көптің көкейіне құйған қаламгерлерден, өз саласының көш басында жүрген ғалымдардан кенде емес. Бақалылықтар профессор Мұхтар Арынды, оның қос ғалым ұлы Нұрлан мен Ерланды мақтан тұтады. Қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевпен, ғалымдар Амантай Бекбаев, Құсайын Рсалдин, Тілеуғажы Есімханов, Тұрсын Сыдықов, Әзімбай Ғалиевтермен мақтанады. Аудандық аурухананы басқарған, облыстың денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген Тілеужан Закаринді, осы өңірден түлеп ұшып, кейін облыстың бірқатар аудандарында басшылық қызмет атқарған Борис Шестакты, Ақсу халық театрының директоры болған Әбітай Исахановты, Садық Әбдіғалиев, Назарбек Әмірғалиев, Дәмен Шәймерденова, Сағымбек Рақышев,  режиссер Сембай Сәрсенбаев, Құсайын Ерғалиевті дәріптейді.

«Бақалы» совхозының тізгінін екі рет қолына алып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған, мол тәжірибесін шаруа қожалығын өркендетуге жұмсап, кейінгілерге үлгі болып келе жатқан  Мейрамғали Қалиасқаров ағамыз да ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық белесінде «Құрмет» орденімен марапатталып, мемлекет марапатына ие болған жерлестеріміздің көш басында тұрды.

Ауылшаруашылығы саласының майталмандары бұл өңірде аз емес. Ленин орденді механизатор Мұханов Ибрайхан осы лектің көшбасында. «Әке көрген оқжонады» деген халық даналығы Қанатханға қарап айтылған сынды. Әкесі Мұханов Ибрайхан «Бақалының» бағы аспандағантұста осы ауылдың Ленин орденді механизаторы, қызылшашысы болған. Осы әулетте 1967 жылы дүниеге келген Қанатхан қазіршаруа қожалығын басқарып, ел еңсесін көтеруге өзіндік үлес қосуда. Өткенжылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне Қанатхан Мұханов ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордені мен марапатталды.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденін өңіріне қадаған Ұзақ Тұрғанғалиев, «Еңбек Қызыл Ту» орденді Нұрқасым Дарменов, «Құрмет белгісі» орденді Сайлау Нұрғалиев, Советхан Беков, Төлепберген Дүйсенбаев қарапайымең бегімен ел алғысына бөленген ауыл ардақтылары.

«Бақалы» совхозын басқарған Азамат Сәрсембаев шаруашылық табысын еселегені үшін ауданда қызмет баспалдағымен өсті, аудан әкімі болды. Қырық жыл осы салада абыройлы қызмет атқарып, аудан әкімі орынбасарлығынан жуырда ғана зейнет демалысына шыққан Азамат Сламжанұлы өзөмірінің өткелдерінде Бақалының орнын қашан да жоғары қояды.

Сол жылдары партия ұйымының хатшысы Жеңісбек Сембаев, бас агроном Серік Ілиясов болғаны жұрттың жадында. Қызылша өсіруге маманданған шаруашылықтың басты дақылын арттыруға бригадирлер Иманғали Садыбаев, Ақбатыр Әбдіқадыров, звено жетекшілері С. Қалденов, М. Байдолдин дереселі еңбекетті. Қызылшашы, аудандық, облыстық Кеңестің бірнеше дүркін депутаты болып сайланған орденді еңбеккер, ардақты ана Жамал Шалқыбаеваның есімі де айналасына аян. 20 жылдай ауылдық кеңесті басқарып, кейінненәкімболғанАдайСансызбаевтыңжұртқажанашыркөзқарасынауылдыңбайырғытұрғындарыұмытақойғанжоқ.

Ауылдағы орта мектепті Тоқтар Кенжебаев, Елизавета Барон, Бейсенбек Қорғанбаев, Хамит Бейсенбеков, Өмірзақ Матайбеков,  Құдайберген Дәуренбеков, Зуфар Юсипов, Любовь Рубашкина, Жұмабек Жүнісбеков, Сапарғали Садыбаев, Ұлжан Қалиасқарова басқарды.

К. Қазыбаев атындағы мектептің бүгінгі таңдағы директоры Еркін Дәнекеров өмірлік тәжірибесін ортақ іске жұмылдыруға жұмсап келеді. Бүгінгі таңда 272 оқушыға 32 ұстаз сапалы білім беруде. Балаларға тәрбие-білім беру дәрежесі көтеріліп, заман талабына сай оқу құралдары, әдістемелік, шығармашылық тәсілдер мен жаңғырды. Мектептің компьютерлік базасы бар, интернетке жолашылған, бір лингафондықмультимедиялық кабинет жұмыс істейді. Арнайып әндік жүйеде жасақталған кабинеттер, қолөнер, көркем өнерпаздар, спорт үйірмелері жұмысы дұрыс жолға қойылған.

Мал шаруашылығының майталмандарын ескеалғанда 40 жылдай шопан болып, бір өзі 25 мың қозыны өсіріп, отарға қосқан Құрман Қабдолдановтың есімі еске оралады.

Құрман Қабдолдановеңбектің дарабозы атанды, кезінде жылсайын 100 саулықтан 160-170-тен төлөргізді, өңіріне орден-медаль тақты, Мәскеуге Халықшаруашылығы жетістіктері Көрмесіне барып, абырой арқалады. Ал Несіп ана болса түздегі ерінің үйдегі тілекшісі бола білді, балаларының білікті де, білімді болып өсуіне үлес қосты. Шүкір, қазір балаларынан өрбіген 18 немеренің әжесі.

— Шама мен қоғам малын баққанда 25 мың қозы бөліппін. Еңбегі мешкетті демеймін, елмен бірге мен де еңсе түзедім, малды болдым, жанды болдым. Кейін жекешеленгенде азды-көпті үлесімді алдым, шаруа қожалығын құрғанбалаларымакүшімменболмаса да ақыл-кеңесімменбасшылықжасадым,-дейдіҚұрманқажы.

Осы саладатабыстыеңбекетіп, «ЕңбекҚызыл Ту» орденін өңіріне қадаған Ораз Жүнісов, Оралбек Мұсабаев, Ырғалбек Құмарбековтер де осындай мақтанғалайық.

Майдангерлер сапында Жұмағали Әбішев, Мұхаметшәріп Қайырбеков, Әбдіқадыр Аманқұлов, Нұрахым Қатшыбеков, Хасен Диханбаев, Тоқтасын Құрманғалиев, Әзімбай Қияхметов сынды ер етігімен су ішкен кезде ерлігімен еленген, омыраулары орденге толып оралған ағабуын өкілдерін ұрпақтары ұмытпайды.

Соғыс жылдары тыл азабын тартқан Әбіш Тоқметов ақсақалды ел-жұрты ұмытпас. К. Қазыбаевтың «Ызғар» романының бас кейіпкері Нәшен Рахымов сол жылдары бір өзі үш адамның жұмысын жасап, жиған қаражаты 200 мың сомды майдан қорына қосыпты. Осы қорға 150 мың сом аударған Баймұқаш Айнакөзовте ардақтауға лайық тұлға. «Алғабас» колхозынан Адамбек Райымқұловтың еңбегі ескеріліп, ол Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысады, танк колоннасына 50 мың сом ақша аударады.

Бақалы өзінен түлеп ұшып, ел аузында жүрген азаматтарымен мерейленеді. Андреевка ауданында екінші хатшы болған Нұрмұхамбет Омарбаев осы Бақалыдан шыққан. Әбдіхамит Абыханов соғысқа кеткенше Ақсу ауданында сот болып қызмет атқарыпты. Тілеужан Ерқасымов Антон сельпосын 4 жыл басқарыпты, Әбілхан Изотов Ақсу ауданының жол бөліміне басшылық жасаған екен. Кезінде сауда саласында жүрген Асамұрат Бековтың үлкен ұлы Биғазы аудандық партия комитетінде қызмет атқарды, екінші ұлы Қасымхан Бөрлітөбе ауданының милиция бөлімін басқарды. Осы аталған адамдардың ұрпақтары қазір енді еңсесі көтеріле бастаған ауылдың ертеңі үшін еңбектенуде.

Ауылда 20-дан астам шаруа қожалығы бар. Тоқтарбек Төлепбеков, Қанатхан Мұханов, Серікжан Есімжанов және басқалар еселі еңбектерімен айналасына үлгі болуда. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен айқын аңғаруға болады. 2017 жылы округ бойынша егістік көлемі 12601 гектарды құрады. Оның ішінде 4237 гектар алқапқа дәнді дақылдар, 7399 гектарға майлы дақылдар, 390 гектар жерге қант қызылшасы себілді. Биыл да өткен жылғы жетістіктен төмендемей қара жердің қайтарымын еселеуге дихандар құлшынулы.

Округ бойынша биылғы жылдың 1-шілдесіне тіркелген ірі қара малы 3667 бас, қой-ешкі 8539 бас, жылқы 1729 бас. Мал басын асылдандыру жұмыстары қолға алынып, өткен жылы «Мұқан» шаруақожалығы, биыл «Мұрат М.» шаруақожалығы етті бағыттағы асыл тұқымды бұқа алып, игі істі жалғастыруда.

Соңғы жылдары шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуда, өткен жылы округ көлемінде 200 млн. теңге мөлшерінде әр түрлі маркалы ауыл шаруашылық техникалары алынды. Биылғы жарты жылдықта шаруа қожалықтары лизингке 7 трактор, 1 астықоратын «Вектор» комбайнын алды.

Мамырайынан бастап Тасқұдық ауылына су құбыры тартылып, 174 млн. теңгеге Бақалы ауылдық мәдение түйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын және тұрғын үй құрылысын аяқтады.

Өткен жылы Бақалы және Тасқұдық ауылдарының көшелеріне барлығы 20 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қиыршық тас төселсе, биыл Тасқұдық ауылына қатынайтын 2 километр тасжол және Бақалы ауылындағы Мұхтар Арын көшесі күрделі жөндеуден өтеді.

Бірлік бар жерде — тірлік бар. Биыл 9 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдама алса, 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 15 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. «2017-2021″ жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 адам несие алуға құжаттарын өткізіпті.

Қағаздағы көрсеткіштер осылай сөйлейді. Санадағы өзгерістер деңгейі Бақалылықтардың бүгінгі тұрмыс ахуалымен бірге жыл санап өсіп келеді. Қаладағы дай ақшаңқан үйлер, таза аула, заманауи тұрмыстық жағдайлар ынтымағы жарасқан ауылдың бүгінгі тыныс-тірлігіне тән. Туған жердің қадір-қасиетін терең түсінген жандарғана туғант елдің туын асқақтата түсетінін осындай елді мекендерге қарап бағалап, шүкіршілік етесіз.

 

 

ЖомартИгіман.

 

Мәліметпен бөлісу: