Тың идеяларға толы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауын еліміздің жарқын болашағына арналған стратегиялық құжат деуге болады. Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен қарастырылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған Жолдауда азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударды. Сот шешімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қолдану туралы маңызды құжатта жан-жақты тоқталған. Заңдылықтағы қарама қайшылықтар азаматтардың игілігіне қарай шешімін табуы тиіс. Зиялылықты басты бағыт тұтқан мемлекет болғандықтан  қатыгездіктен бас тарттық дегенімізбен адамға кесапатын тигізетін қылмыстарға қатаң жаза керек екендігін уақыттың өзі ұсынып отыр. Сонымен қатар құқық қорғау жүйесін толық реформалаудың көкейкесті мәселе болып қалып отырғандығы да жасырын емес.

Президенттің халыққа арналған Жолдауы  тың идеяларға толы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-қуатын одан әрі көтеруге арналып отыр.

Клара ЖАҚАСОВА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: