Тыныштықтың қадірін білейік

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлттық арнаға берген сұхбатының ел ертеңіне алаңдаған жұртшылық үшін маңызы зор. Ең басты мәселе — қанды қаңтар оқиғасы. Ақ қарасы анықталмаған мәселеге ел азаматтарының ілесіп кетуінің салдары­нан адам өмірі мен қыруар қаражатты талап ететін нысандардың қирауы- ел экономикасына орасан зор зиянын тигізді. Елде биліктің ауысуы- қалыпты үрдіс.

Алайда, қазақтың қасиетті сөзімен айтар болсақ, «Кеткен келінмен қадірі қоса кетеді» деген бар емес пе?! Осы орайда, Елбасының 30 жылдық еңбегін жоққа шығаруға болмайтынын ерекше атап өтті. Бұл ретте саясаттың атқарар қызметін елмен жұмыс жасаған жандар біледі және өз бағасын бере жатар деп қысқа қайырды.

Ел аузында таралып жатқан күдікті деп ұсталған азаматтарды қинап, қызметін асыра пайдаланған қызметкердің ішінде: «Шаш ал десе, бас алатындардың» жоқ емес екенін де жасырмады. Бұл жұмыстардың барлығын қатаң бақылауға және қадағалауға алғанын айтты. Осы жұмыстарды жүргізуде алып қашпа әңгімелердің бар екенін еске салып, блогерлердің саяси сауатсыздарының көп екеніне ерекше тоқталды. Сөйлей беру өнер емес, сөйлеу білу -өнер екенін ұмытпауға шақырды. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартар заң бар екенін ұмытпауға шақырды. Адамдар мемлекетке емес, мемлекет адамдар үшін қызмет ететінін еске салып өтті. Осы орайда әр тұрғын өзіне «Мемлекет мен үшін не істеді емес, мен мемлекет үшін не істедім» деген сауалды қояр болса, дамымау мүмкін еместігін сеніммен айтып өтті.

Биліктегі ескі сарында жұмыс жасайтын тұлғалардың заман көшіне ілесе алмайтындарын босату қажет деп, «Жаңа Қазақстанды» құруға білімді, еңбекқор жастарды тарту мәселесі қарастырылып жатқанын да жеткізді.

Сонымен қатар, осындай қатігездік пен тонаушылық кедейліктен бұрын білімсіздіктен басталатын айтқан, президент сөзі «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын » деген ойға сыйып кеткен тәрізді. Еңбекқорлықтың болмауы-арандатушылардың ең басты қаруы екенін де ашық айтты.

Журналист қойған сұрақтарға пайымды пікірін, нақты жауабын берген Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің әкесі жайлы жазылған кітаптың сюжеті негізінде кино түсірмек болып жатқандардың бар екенін білетінін, сондай- ақ, ол кино түсіруге тапсырыс бермегенін де, бермейтінін де еске салды. Сөз соңын ел президенті «Біздің Отанымыз-біреу.Ол -Тәуелсіз Қазақстан. Оның дамуына жұмыс жасауға бар адам міндетті»-деп, және еліміздің тұғыры мәңгілік екеніне сенім білдірді.

Сандуғаш ТӨРЕБЕК,

Абай атындағы мектеп – гимназияның

                                                     қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: