Уақыт талабы

Еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мемлекетте демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

Бүгінде ел үкіметі әйелдердің саясатқа араласуына, олардың жай ғана саясатпен айналысып қана қоймай, шешім қабылдау деңгейінде араласқанына мүдделі болып отыр.

Өйткені бұл – уақыт талабы. Осыған орай мемлекет басшысы 2020 жылы саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіп, бұдан бұлай партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылы 1 ақпандағы дерегіне сәйкес, ҚР Сенатында 9 әйел, Мәжілісте 28 әйел депутат болып қызмет атқарады. Әрине, бұл аса жаман көрсеткіш емес.

Сарапшы мамандардың пайымынша, мәжіліс пен сенаттағы әйел депуттар санын көбейту кейбір заңдық мәселерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Ш. АСҚАРҒАЛИЕВА,

Сарқан қалалық әжелер алқасының төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: