
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Сарқан ауданында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар туралы мәліметтер алу үшін пәтерлерді және аулаларды аралайды. Азаматтарды тіркеу дерегі, сондай-ақ полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері тексеріледі. Қандай да бір құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу үшін заң аясында түсіндірме жұмыстарына, алдын алу мағлұматтарына маңызды орын беріледі. Бұл іс-шара қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғандықтан, аудандық полиция бөлімі тұрғындар мен қонақтарды жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге түсінікпен қарауға шақырамыз.
Қ.Қонақбай,
Сарқан АПБ ЖПҚБ бастығы,
полиция майоры.