Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен «Ұстаз болғым келеді» атты шығармалар байқауы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқыда мектепішілік және аудандық, қалалық деңгейінде іріктеу өтіп, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Сарқан аудандық филиалы атынан қатысқан 8 үміткердің арасынан бір оқушы Пограничник орта мектебінің 11-сынып оқушысы, оқу үздігі Бекбосын Кунби облыстық кезеңге жолдама алып, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы атынан алғыс хатпен марапатталып бағалы сыйлыққа ие болды. Бас жүлдені Алакөл ауданы, І орынды Панфилов ауданы, ІІ орынды Ескелді ауданы, ІІІ орынды Текелі қаласынан келген 11-сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сыйлықтар және Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті кәсіподақ филиалының шәкіртақы тағайындау туралы сертификаты тапсырылды. Оқушы ойын ұштайтын, шәкірт талантын шыңдайтын осындай байқаулар болашақта жалғасын табады деген сенімдеміз.
Е.Алинов,
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының Сарқан аудандық филиалы төрағасы,
аудандық мәслихат депутаты.