ҚР ІІМ 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 161 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған операциялық жоспардың 74-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 18-нен 28-ші жұлдызына дейін «УСЛОВНИК» атты республикалық профилактикалық іс-шара жүргізілуде.
Аталған іс-шараны орындау мақсатында Сарқан аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері аудандық ІІБ ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен бірлесе тексерістер жүргізіліп, сотталған азаматтардың қайта құқық бұзушылық жасамау үшін профилактикалық жұмыстар қолға алынуда.
Профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде сотталған азаматтардың туған-туыстарымен сұхбаттар жүргізіліп өтті. Осындай іс-шаралар аяғын шалыс басқан азаматтардың дұрыс жолмен жүріп, олардың өмірге деген көзқарастарын жақсы жағына өзгертетіні анық.
М.Еркенов,
Сарқан аудандық ПҚБ аға инспекторы, әділет капитаны.