Құқықтық көмек көрсетілді

Жуырда аудандық әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Аталған іс-шара аясында әділет басқармасы өкілдерімен қатар жекеше нотариус пен сот орындаушы да тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме берді.

Қабылдауға келген Қойлық ауылының тұрғыны Ж.Кауысбаев өзіне тиесілі 49 жылға алған 0, 2500 шаршы метр жері барлығын, сол жерді жеке меншікке ауыстыру туралы сұрады. Бұл сауалға аудандық әділет басқармасының басшысы А.Сейпеев жоғарыда айтылған жер учаскесінің 0, 1500 шаршы метрін нысаналы мақсаты өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген болса жеке меншікке тегін алатынын, ал қалған жер учаскесін жалға ала алатынын жеткізді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: