Құқықтық тәртіп

          2026 жылдың наурыз айының 10 мен 13 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның мақсаты, пробация қызметінде есепте тұратын қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеушілердің қайталап қылмыс жасауының алдын алу. Іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеушілердің (шартты сынақ мерзімі, бас бостандығынан шектеу, қоғамдық жұмысқа тарту, түзеу жұмыстары, жазасын өтеуді кейінге қалдырылғандардың) жаза өтеуден жалтару, жаза өтеу тәртібін бұзғандарды анықтау.

Жаза өтеу тәртібін бұзғандарға заң шеңберінде шара қолдану. Осы аталған іс-шара барысында аталған сотталғандар 100 пайыздық деңгейде тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Сарқан аудандық пробация қызметкерлерімен, Сарқан АПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеріледі.

Сарқан аудандық пробация қызметі

бөлімшесінің бастығы

әділет майоры                                                                        М.А.Еркенов

Мәліметпен бөлісу: