⚜️Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Департаменттің негізгі міндеті – көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын сақтау және оларды қалпына келтіруге арналған механизмдерді қамтамасыз ету.
🔹Халықтың құқықтарын қорғау мен мәселелеріне жедел жауап беру үшін департамент «EgovKzBot2.0» Telegram ботын іске қосты. Бұл бот азаматтарға туындаған қиындықтарын білдіруге мүмкіндік береді және оларға құқықтарын қорғауда көмектеседі.
🔹Бот іске қосылғаннан бері 12 азамат шағымдарын білдірді. Шағымдардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді алуға сілтемелерді ұсыну, олардың алу тәртібін сипаттау және Egov.kz мобильдік қосымшасы арқылы электронды құжаттарды жүктеуге байланысты.
- Егер мемлекеттік қызмет алуда қиындықтарға тап болсаңыз, мысалы, артық құжаттар талап етілсе, қызмет көрсету мерзімі бұзылса, не болмаса негізсіз бас тартылса, «EgovKzBot2.0» Telegram боты арқылы шағым қалдырып, нақты жауап ала аласыз.
🔹Департамент азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету механизмдерін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізеді.
🔹Мемлекеттік қызметтерді алудағы заң бұзушылықтарды болдырмау және халықтың құқықтарын қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз.
@elgeqyzmet.gov.kz