«Альфа-Банк» филиалының Сарқан аудандық пошта мекемесінде тұрғындарға қызмет көрсеткеніне екі айдың жүзі болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында банктің Алматы облысы бойынша өкілдері арнайы келіп, осы поштадан зейнетақы алатын аға буын өкілдеріне арнайы дастархан жайды. Қасиетті жұма күніне орайлас келген басқосуда бөлімше қызметкерлері ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың батасын алып, құран оқытты.
Біз зейнеткерлерге 300 000, жұмыс орны бар адамдарға 3 000 000 теңгеге дейін пошта залының екінші кассасында несие беріп келеміз. Қызметкерлеріміздің елгезектігі, тиянақтылығы клиенттеріміздің көңілінен шығуда.
Сұлтан МАСИМХАНОВ,
«Альфа-Банктің» Алматы облысы бойынша өкілі.