Өз ризығымды белгілі бір кәсіп түрінен көрсем деген тағы бір отыз жан жуырда «Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне бейімдеу курстарына өту мақсатында арнайы тест сынақтарын тапсырды.
Сарқан гуманитарлық колледжінде өткен шараға аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мадияр Қожахметов, облыстық кәсіпкерлер палатасының Сарқан аудандық филиалының директоры Айдос Смайл және кәсіпкерлерге дәріс беруші бизнес-тренер Әсет Джексемба қатысып, сынақ тапсырушыларға сәттілік тіледі. Осынау тест тапсырмаларын ойдағыдай орындағандардың бір ай көлемінде бизнес әліпбиін үйреніп, өз ісін өрістетуге мүмкіндігі болатындығын айта кеткеніміз жөн.
Өз тілшіміз.