Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. Әлихан Асханұлы бұған дейін Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, Президенттің көмекшісі, Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді. Мемлекет басшысының пайымдауынша Әлихан Асханұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы білетін білікті маман. Алдағы уақытта өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен әрі сеніммен атқарады деп сенеміз.
Н. ТУЛЬТЕКЕНОВА,
Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының
Сарқан аудандық филиалының оқытушысы.