ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы коммуналдық кәсіпорындарының қызметіндегі бұзушылықтарды анықтады
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының, «Қорғас-Коммерц», «Қорғас-Энерго» және «Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері еншілес компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Бұл серіктестіктер 100% коммуналдық меншікте.
Анықталған бұзушылықтар, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына қайшы келеді, атап айтқанда «Қорғас-Сервис» ЖШС-нің 8 қызмет түрінен 6 қызмет түрі, «Қорғас-Энерго» ЖШС-нің 11 қызмет түрінен 6 қызмет түрі және «Қорғас-Коммерц» ЖШС-нің 6 қызмет түрінен 6 қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 қаулысының 4-тармағына сәйкес келмеді.
Анықтама:Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Осыған байланысты, Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 қаулысының 4-тармағына сәйкес сәйкестендіру жолымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату бөлігінде серіктестіктерге қатысты нұсқамалар шығарды.
Аталған нұсқамалар сотта қаралды, шешімдер Департаменттің пайдасына қабылданды.