Заңды бұзғандар жазаланды


08.09.2020 жылы Алматы облысы Сарқан аудандық сотының үкімімен:

— Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Сарқан су Құбыры» МКК директоры А. Шайх-ұлы (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары) 3 жылға бас бостандығынан айыруға;

— МҚК бас бухгалтері М. Күнжуманова (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот залынан А. Шайх-ұлы мен М. Күнжуманова қамауға алынды.

Олар қызметкерлердің шоттарына заңсыз аудару жолымен 8 млн. теңге сомасында бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлады деген күдікке ілінген.

Алматы облысының Талдықорған қалалық сотының үкімімен «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа (ҚК 366-бабы 2-бөлігі) 12 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол үкімімен К. Полномочноваға (ҚК 368-бабы 1-бөлігі) 4 млн.теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Тұяқбаев К. Полномочнованың делдалдығымен жетім баланы отбасына тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңге сомасында пара алуда күдікті болған.

Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен:

— Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары К. Ормановқа (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн. теңге айыппұл;

– Облыстың ІМАД №1 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Н. Айдабұловаға (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 10 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.

Олар «Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша бұрын 15.09.2020 жылы жасалған аудиторлық тексеру қорытындысын азайтуға ықпал еткені үшін аудан әкімдігінің бір ММ басшысынан жалпы сомасы 1 млн.теңге ақша алуда күдікті болған.

Мәліметпен бөлісу: