Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды


Азаматтар арасындағы келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтар көбінесе заңды білмегеннен орын алып жатады. Бірақ, бұл заң алдындағы жауапкершіліктен босатады деген сөз емес. Мысалы, кез келген азамат әлеуметтік желі арқылы тыйым салынған діни материалдарды тарататын болса, жаза айыппұл төлеуімен ғана шектелмейді. Бұның соның бас бостандығынан айыру жазасымен де аяқталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру туралы мәлімдейді.
Бұл бапта әлеуметтiк, ұлтtyқ, рулық, нәсiлдік, тeктiк-топтыq немесе дiни алауыздықты насихаттауға, азаматтардың ұлттық ар-намы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттерге, сондай-ақ азаматтарның дiнге көзқарасы, тeктік-топ, ұлт, ру немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдаланып, әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткізіштерді дайындау немесе тарату туралы болса, жазаланады.
Сондықтан заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын әркім түсінген дұрыс.

Мәліметпен бөлісу: