Заңды сақтау әділеттіліктің кепілі

Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп­сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала­ды. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.

Елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. 
Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру – 
маңызды міндет. 
Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді. 

«Заң мен тәртіп» қағидаты Мемлекет бас­шы­сының тікелей бақылауында. «Қылмыспен кү­ресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңыз­ды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үл­кен жұмыс. Ең алдымен, мемлекетте заң т­а­лап­тары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұз­ған кез келген адам жазасын алуға тиіс», – делінген Пре­­зиденттің былтыр өткен Ішкі істер ми­нистр­лігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, заң мен тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идео­логиялық және саяси темірқазығына ай­налуға тиіс. Өйткені құқықтық сауаттың тө­мен болуы жағымсыз үрдістердің белең алуы­на әкеп соқтырады. Көшедегі мәде­ниет­сіздіктен бастап, төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі  құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұру, келеңсіздіктермен қоғам болып күресу өте маңызды. Елімізде кең таралған тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқ­ты құқықбұзушылық әрекеттерге мүлде төз­бейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қа­лып­тастыру қажет. Өйткені азаматтардың тәр­тіпке бағынуы олардың қауіпсіздігіне ке­піл болмақ.

Қ. АБДРАХМАНОВ,

Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: