Заңды тұлғаларды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» жүргізетін болады

«Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын.

Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әділет министрлігінің қарамағынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 1 шілдеден бастап беріледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады.

Тіркеу іс-әрекетінің қалған түрлері, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралықұқықтық сараптама жүргізуді талап етеді.

Сондықтан«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының заңгерлік білімі бар қызметкерлері арнайы оқытудан өтті. Қызмет іске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тіркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-і қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлімдердің және 34-і филиал бөлімшелерінің қызметін үйлестіріретін болады.

Айта кету керек, функцияларды мемлекеттік корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: