
Екінші қыркүйек күні Абай атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында «Заң баршаға міндет» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды
Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушыларға заңды білу мен оны құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесуде әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, заң талаптарын сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты шарттарының бірі екені атап өтілді.
Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
