Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетейік

Елімізде Заң және тәртіп қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру – маңызды міндет. Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді. 

– Әділетті Қазақ­стан­ды құрудың басты шарты, – деді Мем­ле­кет басшысы таяуда сөйлеген сөзінде. Заң мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсі­ресе мемлекеттік органдарда үстем болуға тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз ай­тып жүрген құқықтық мемлекет қалып­тас­пақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құ­қы­ғын шектеу емес. Керісінше, тәртіпке ба­ғынған қоғам өркениетті болады. Бұл мем­лекеттің қауіпсіздігін нығайтып, де­мок­ра­тияны дамыта түседі. Бүгінгідей күрделі гео­­­­саяси жағдайда елімізді сақтап қалу жо­лында азаматтардың мұны терең түсінгені лә­зім. Өйткені заң үстем болмаған елде тұ­рақ­тылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жер­де сәйкесінше даму да болмайды.  

          Е. ДАРМИШЕВ,

Сарқан аудандық мәслихатының депутаты, Сарқан политехникалық колледжінің директоры.

Мәліметпен бөлісу: