Заманауи білім кілті


Цифрлық дәуірде мұғалімнің кәсіби дамуына арналған ресурстардың бірі — Topik.kz платформасы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен бұл сайтты жүйелі түрде қолданамын. Себебі бұл платформа — мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты нығайтатын тиімді құрал.

Topik.kz-ті қолдану арқылы мен:

— күнделікті сабақ жоспарларымды жаңаша форматта әзірлеймін;

— оқу сауаттылығы мен жазылымға қатысты тапсырмалар алып, бейімдеймін;

— өз тәжірибеммен бөлісіп, басқа әріптестердің әдістемелерінен үйренемін;

— эссе, шығарма, тестке дайын материалдарды пайдаланамын.

Платформаның артықшылығы — уақытты үнемдеу, мазмұн сапасының жоғары болуы, және жаңартылған білім беру мазмұнына сай құрылуы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – тек ереже мен жаттау емес, ол – ұлттық рух пен ойлау мәдениетін дамыту. Ал Topik.kz – осы мақсатқа жетудің заманауи құралы.

Мұғалімнің шығармашылығы мен ізденісін қолдайтын платформаны дұрыс пайдалану – білім сапасын арттырудың кепілі. Сондықтан Topik.kz-ті қолдану – кәсіби өсу мен нәтижеге жетудің бір жолы.

Динара ДАУЛЕТЧИНА,

Алмалы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: