«Заманауи Ұстаз»


          Зманауи Ұстаз- бір қарағанда қарапайым түсінік, яғни ақпараттық технологияларды білсе болды  заманауи деп айтуға болады.  Дегенменде қазіргі ғылыми технологиялардың  даыған ғасырында  ұстаз болу өте қиын дегім келеді. Мектептегі ұстаз дегенде адамзаттың ойына  оқулықпен дәптерді қстап жүрген ұстаздар елестейді.  Сыныптан тыс уақытында оқушылардан эссе алғанда Ұстаз деген кім ? – деп  қазіргі жастардың түсінігі  мүлдем басқа екенін түсінесіз! Оқушылардың ойынша ұстаз деген заман ағымына сай, әр күнінің дәрісі ерекше болу керек екенін, оқушылардың жоғары талғамын орындай алатын тұлға болу керек.  Зман ағымына сай ұстаздар ақпараттық технологияларды ғана емес түрлі әдіс-тәсілдерді және түрлі бағдарламаларды пайдала алану керек. Бізде география сабағында зерттеу жұмыстарын үш кезеңге бөледі (алғашқы, орта ғасырлық, қазіргі) деп. Өзімнің он жеті жылдық тәжірибемді үш кезеңге бөлгім келіп тұр. 

1 кезең  алғашқы жас маман болуым.  Бүл кезде мені қатты ойландыратын дүние ол сабақты қалай түсіндіремін деген ой болатын, ол уақытта біз газет- жуналдарден керек деген ақпараттар мен суреттерді қиып алып дидактикалық материал ретінте пайдаланатынбыз. Оқушыларға көрсеткенде қызығып картамен жұмыстар жүргізетінбіз.

2 кезең ол кезең елімізде барлық ұстаздарды «Жаратылған білім бағдарламасы» бойынша курстардан өткізіп оқушы ойы құнды , оқушы қзі сөйлеп үйрені керек адеген заманға келдік. Оқушыларды топтастырып, жұптастырып, тиімді әдіс-тәсілдермен   дәрістерімізді өткізіп іс-тәжірибе алмасып келдік

3 кезең қазіргі кезең Заманауи бағдарламалардың даму кезеңі. Қазіргі уақытта оқушыларға үлестірме тарату топтатыру,жұптастыру аса қатты қызық деп айта алмаймын.  Бүгінгі таңда білім алушычлар 45 минутында дәріс тыңдапта ,өз ойын тұжырымдапта, ойнапта алатындай етіп өткізетін болса сол сабақты сол сабақты қызықты етіп өткізетін ұстаздарға жақын болады.  Өзімнің тәжірибемде мен https://www.baamboozle.com/https://wordwall.net/ru-kz/com , https://amssoft.ru/amsblog/programmy-dlya-3d-modelirovaniya.phphttps://topiq.kz/ , https://www.classtime.com/ru жәнеде «Жасанды Интелект» ,тағыда басқа қызықты бағдарламаларды кіріктіріп сабақ өткізетін болсақ  білім алушыларға өте қызықты дәрістердің бірі болады. Қазіргі уақытта әр оқушыда  смартфоондары бар оны оқушылар тек байланыс не болмаса мессендерларға кіріп ойын ойнау үшін ғана арналмағанын түсінгендері дұрыс. Себебі қазір үй тапсырмасын да сабақтан алған білімдерінде арнайы бағдарламалар арқылы тексеріп әр оқушының  алған  фармативтік бағалауларын өздері көре алатындай  барлығы ашық жүзеге асырылатын  кезеңдеміз.  «Заманауи ұстаз» — кім? дегенде мен осылай өзімнің ойымды жеткізгім келді.   

                                                                         Жетісу облысы , Сарқан қаласы

Абай атындағы мектепгимназияның

География пәнінің мұғаліміБерлибекова Асем Джаксыбековна

Мәліметпен бөлісу: