ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінде шекара шебінің бүтіндігін қырағы күзеткен оғландар жұмыс істейді. Басқандық шекарашылар жөнінде осылай деп айтуымыздың да реті бар. Оған бірнеше рет орын алған шекара тәртібін бұзған азаматтардың жолына тосқауыл болған оқиғалары куә.
Ірге тасының қаланғанына алпыс жылға жуықтаған «Басқан» шекара бөлімшесіне аға лейтенант Абдыхан Серікбай басшылық жасайды. Бөлімше бастығының орынбасары лейтенант Әділ Нұржанұлы. Білімдеріне спорттық дайындықтары сәйкес келген сегіз қырлы офицерлердің басшылық жасайтын шекара бөлімшесінің осал болуға да қақысы жоқ. Басқандық шекара сақшыларының кәсіби дайындықтары жоғары, әскери тәртіптері жақсы.
Жоғары деңгейдегі жауынгерлік қызметтерінің арқасында шекаралық аймақ берік қолда. Жергілікті халық арасында құрмет пен беделге ие.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті