Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін болады.

Бұған дейін зейнеткерлік жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келіп зейнеткерлік жасқа жетуі және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беретін, әрі бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, сосын  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді төлеу жайлы тағы  бір өтініш беретін. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, бір ғана өтініш тастаса жеткілікті.

Композиттік қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтері кіріп отыр. Бұдан басқа,  (инфляцияның деңгейі мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы соммаларыныңарасындағы айырмасы) мемлекеттік кепілді төлемдерді төлеу проактивті түрде – адамның міндетті қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік корпорацияның мамандары зейнеткерлік жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571  мемлекеттік кепілдік төлемдерінрәсімдеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 955154

e-mail: pressa_nao@goscorp.kz

 

Мәліметпен бөлісу: